
Ұйқысыратқан « Гүлсара-ай »
Қысқы демалысқа тарай салып Сауырдағы отарға кетіп бір ай қой бағу неше жылдан бергі міндетім еді. биыл да(1996.ж) қаңтардың аяазында Ертістен ерте шығып үшінші қонақта отарға ат танауын мұзтобықтата әрең жеттік.
Сауыр жондарының тозбайтын қысқа ақ Бетегісін жапқан қарды Ноқай бораны тоқтатпайды. өрістеген қой тұмсығын шегелеп тастағандай қапталда мамырлап ғана жатады. ондайда, кітап оқымасаң күн батпайды.
Жылдағы әдетімше биыл да кітаптар ала келгем. Жақыслық Сәбитұлының «Ақ тілек», «Тау самалы», « Ата мекен», «Ақ сәуле» кытаптары. Жақаңды оқуды төртінші сыныпта бастағам. таудағы көшпелі мектеп аяақтап, ауылдағы жатақты мектепке келенсоң, демалыс күндері туыстардың үйіне барып тұрушы ек. бір күні Жұмакарым дейтін ағамыздың кітап сөресінен «Ақ тілек »деген кытапты “суық қолдық” істеп жымқырып кеттім.
Жатаққа келіп қарасам авторы Жақыслық Сәбитұлы екен. ішінде «Ақ тілек», «Әр кімнің бір арманы бар» деген екі пвест. оқығаннан-ақ иіріміне баттым. сонан бастап Жақаңды іздеп оқыдым. сырласымдай Сауырға ала келуім де әне содан болатын!
Отарда алты жігіт. Ең кішісі мен едім. қалғандары қотанды маған тастап, қурайты деп аталатын жердегі дүкенге асыға аттанып, “қойы мың, жылқсы жүз” болып кеште оралады. «Адамның кішісі болғанша, иттің күшігі бол» деген мақалды сол кезде біраз түсінген едім. ондайда, жалғыз дос кітап еді. әсіресе, Жақаң шығармалары жалықтырмайды, ертіп отырады. сондағы кейіпкерлермен бірге өмір сүресің!
Бір күні Әдік деген отарлас аға, менен Жақаңның «Тау самалын » оқуға алды. ол енді аналармен ілесіп дүкенге бармайтын болды, малға да шықпады. қостан жылжымай қалды.
Бір күні түнде?:
- Гүлсара, Гүлсара, Гүлсара-деген айқайдан ойанып кеттік. қарасақ Әдекең ұйықсрап жүр екен!
екінші күні түн тағы:
- Қайран Гүлсара-ай, әттең- деп таңдай қағып, қостың уығын мықтап үстәп,өкініш өзегін өртеп ұйқысрап отыр екен… сол күннен бастап, оны қостағылар «Гүлсара» атап кетті. соның әсерінен бәрі жарыса кітап оқыды. Жақаң шығармаларының уақиға желісін бір- біріне жарыса әңгімелеп, шопандар ортасында ажептауыр әдеби орта қалыптасты. ал, Гүлсараның тайқы тағдыры үшін онан ары ішіп кеткендері де жоқ емес…
« Гүлсара», Жақаңның «Саған бақыт тілеймін» деген пвестіндегі бас кейіпкер еді. жазушының қалам қарымы мен шеберлгі сай келсе, кез келген оқырманды шығарма ішіне осылай сүңгітіп әкетпек…
Жақыслық Сәбит ұлы Қытайдағы қазақ әдебиетінің қалыптасып толысыуна үлкен үлес қосқан және жаңалық әкелген, өзіндік богенайы бар жазушы еді… Жақаң, шығармаларында кейіпкердің көңіл-күйін, жән-дүниесін көбінде бірінші жақпен лирикәлі бейнелеп, оқырманын бірге жылатып, бірге қуантады. қазақ әдебиетінде прозада Оралхан Бөкей, Әбіш Кекілбай, Шерхан Мұртаза да, әсіресе, Оралханда көбірек кезігетін лирикалық толғаныс Жақаңда жоғары деңгейде еді. оның қай шығармасында да күшті поезиялық қуат, сарын бар. бұл Жақаң прозасын дара көрсетіп тұратын бірден бір ерекшелік!
Жақсылық Сәбитұлы өмірді кең көлемде жырлаған жазушы. көптеген күрделі тақырыптарғадейын қалам қуаты еркін жетті. Жақаң, «Екінші той» әңгімесінде, «... Жақсы келіншекті, қыздан артық көрем ... » деп өзі жазғанындай, ол кісі, «Ата мекен», «Ақ сәуле», «Тарымдағы бір шынар » әңгіме, пвестерінде әйел тағдырын, махаббатын, көңіл- күйін, әйелдер жанын жете жырлап өте шебер суреттеді. бұл да Жақаңның бір даралығы еді!
Жақаң Тарымда жиырма жылын өткізіп қайтқан соң, Алтай аймағының Жеменей ауданы Бестерек дауылында кірпіш құйып жүрген жерінен, Зақан Омарұлы деген ағамыз (Алтай аймақтық мәдениет мемексінің сол кездегі бастығы) «Алтай аяасы» журналына жұмысқа шақырады. онда, 80- жылдардың айағынадейын істеп, одан ары Шыңжаң теле филым аударып жасау орталығның меңгершсі болып қызмет істеді. бұл Жақаңның қоғамдық орны жоғарлап, кытаптары да арт-артынан баспадан шығып, оқырман қолынан түспей тұрған бір шақ еді. бырақ, Жақаң, қазақ елінің егемендігмен бірге өзіне де еркіндік бергісі келді. өйткені, ол тар есік, тас босағадан босап шыққан, ақ қаптал, ақ айыл тұлпар еді. дүрілдеп тұрған атақ абыройға, дірлдеп тұрған байылққа, мастандырғалы тұрған мансапқа қарамады. қазақтың, қарт Алтайдың қайығсын, өр һақарын жазу үшін бәрін тастап, ата жұртқа жетті. аңсаған арманына да жетті.
Ал, бүгін қарт Алтайдан қайрат та, һақар да қайтқан. салқын сабат Сауыр сандалбайлардың лас табанымен тоза бастаған.« қайран, Гглсара» деп ұйқысраған менің сол таза отарластарымның ұрпағы, қазақша түс көріп, қазақшаұйқысырай алмайтын көрінеді…
Қуаныш Ілиясұлы
2025.05.22
Астана қаласы