
Көбеш батырдың күңіренсі
Бисміллә рахман-рахим! аруағың жебегей көбеш бабам!
Уақыттың көнерте алмайтн нәрсесі көп емес. Жаңа туған зәулім жаңалықтың өзі әрқашан одан пәс тұрмақ. Үйткені ол-ел өміріндегі Мұғжиза. Уақыт аңызға айналдырған, бірақ, ескірмеген ақиқи әңгімердің бірі-көбеш батырдың күңіренісі, «Екі басты ақ жыланның» хикасы. Мұны мен асқартатанай, Әбілқаят тезекбай, шәшу сіләм және осы аңызды романында жазып кеткен мағаз раздан ұлынан ауыз екі естіген ұрпақтың бірімын! балғын шақта тек қорқыншты ертектей ғана елес болып қала берген бұл әңгіменің мәніне кейіндеп бойлағандаймын! ех, екіге айырылмас не бар екен бұл жалғанда? жоқ шығар? ағып келе жатқан өзен де екі жарылмай ма, қағылып кележәтқан қанат та екіге айырылмай ма. . . Екі басты ақ жылан көбеш батырды (көбеш айтбай ұлы1802-1890-жылдар аралығында жасаған) неге мұңайтты екен деші. . . . .
«. . . . Бірде Алтай тауының сақбұлаққа тақау жазығында шінде жантекей көбеш батыр бар біртоп атты келе жатады.
Көз көрдім жерден жарқырап бірдеме көрінеді. Жұрт таңғалыса-таңғалыса жанына келсе, бірі олай, бірі былай тартып аунап жатқан жеңді білектей екі басты ақ жылан екен дейді. Жұрт:
ـــ ей, құдай! не көрсетіп тұрсың бізге, тым болмаса зар жолды Мақұлықтың түзу жаралғанына да кездестірмедің ау ـــ деп иман айтып шуласыпты. Сонда көбеш батыр:
ـــ құдай көрсетті. Кеншім болсаң да, кесірім болсаңда да біз көтерейік ـــ деп қылышты қынабынан суырып алып есік пен төрдей қаракөк аттың үстінде тұрып, итіс-тартыс болып жатқан екі басты жыланды ортаснан бөліп жіберіпті, екіге бөлінген дененің бірі шығсқа, бірі батысқа қарай тартып, аздан кейін біріне-бірі қайта ойсып барып тыныпты. Ат үстінде салбырап тұрып қалған көбеш бір сәттен кейін бойын жиып:
ـــ сәуле болып көрінгенін жақсылықтың нышаны десек те, жылан болып кезіккені кейістің белгісі болды ғой. Кейінгі бірнеше ұрпақтың заманы шалғайланып, Қайран алтай ат тағанында тозарма екен? Жәнібек батырдың артынан ілескен алты арыстың бірі абақ керей екіге бөлініп өксірме екен? бірақ қайта ойысты ғой, арты қайырлы болар, құдай бағын алмаса соңғы ұрпақ киелі аруақ Жәнібек іздеген жұмақты ата-баба көң төккен осы топырақтан табарсың – Ау-деп, жыланының екі басын қылышмен іліп алып жолдың екі жағына лақтырып жіберіп топты бастап атын аяңдата жөнеліпті. . . . » (мағаз раздан ұлы «Алтайдың ақиықтары» )
Аруақты көбеш батыр Бекер кейімеген екен. 1800-жылдардың соңынан-ақ ел іргесі сөгіле бастады. Алтайдай арда мекенге көз сұғын қадағандар тынштық бермеді. Оған төскейге малы, төсекке басы симаған. Рулық берекесіздік қосылды. Тариыхқа көз жіберіп, ойлана қарасақ, алтайға кереге жайып, күл төкке абақ балалары бір ғасырдай тынш өмір сүріп, мал мен басы тең өсіп, төрт қыбласы теңескен екен. Амал не, ел маңдайынан бақ тайды. Ел бастаған көбеш батыр, қожамжар төре, тілеуді тәйжі бастаған бір лек көш қобда асса (1868-жылы), тағы бір шоғыр көштің ізі Боғда, Еренқабырға, Мори, Баркөл, Құмыл, алтынтау, шүлентау, тыйбеткедейін жетті. . . . Тілім, Ділым деп тентіреген елдің алды гималай асып, Үндістан, пәкістан барды. Одан ары Түркия арқылы бүкіл еурөпаға тарап кетті. Бір кезде айырандай ұйыған ел, іркіттей ірді. Қырғи тыйген торғайдай тоз-тозы шықты. . . . Осылайша, Қайран ел, әлгі елес ақ жыландай екіге ғана емес, төртке бөлініп кетті. Алтай елнің басындағы бір ғасыр тынштықтан кейін, бір ғасыр сарпалдан өмірі басталды. . . Алпауыттардың араға темір тор тартып, қазақ жерін бөлісп алуы, қазақ өмірін де нешеге бөлді. Үйірінен бөлінген жылқыдай, көңіл алаң күй кешті. Сол сарпалдаң әлі аяқтаған жоқ. Егемендіктің көк байрағы желбірген сәттен-ақ, тарихи отаным деп ат ерттеп, түйе қомдаған қазақ. . . Қазақтың жаңа көші басталғалы да отыз жылдан асып барады. Сол екі басты ақ жыландай бірі алдыға, бірі артқа тартқан қазақ. Ұшарын жел, қонарын сай білетін қаңбақтай әлі жосып жүр. . . Елес ақ жылан ертегісі естен кетер емес. . . Жандыға бас біреу, отан да, ін де біреу ғана болу керек екен-ау!
Сүбіхан алла, көбеш батырдың күңіренсі естілгендей!
Қуаныш Ілиясұлы
2024.09.29