
Абай рухы Өр Алтайға қалай жетті...
(ұлы Абайдың 180 жылдығына орай)
Тағы бір ғасыр оң жамбасымен аунап түсті. Бұл-Абай ғасыры. Абай дүниеден өткеніне биыл 121 жыл. Ал, туғанна 180 жыл. Алаш жұртына Абай аруағы риза. . . я, күн нұры түспеген сәрсем жер бар шығар-ау? бірақ, Абай сәулесі түспеген сана жоқ. сол санысз алтын шұғыланың бір өрімі Қытайдағы қандастарға да жарығын жылуын, нұрын шашқан. Ендеше, Абай рухы, Абай шығармалары Қытайдағы қандастарға қалай жетті? ақындық өнерде Абай жолын Ұстанған шәкірттері кім? мұны білу үшін атты алысқа айдауға тура келеді. . .
1. Абай есімі ең алдымен оның әкесі Құнанбай арқылы жетті. жіпселей айтсақ, аға сұлтан Құнанбайдың Өр Алтәйға сапарында (шамамен 1860-жылдардың соңы) Абай хақында әңгімелер болғанын үлкендер жағы айтып отыршы еді.
2. Құнанбайдың Алтай бтіне-Керей, Найман ішіне келіп алқалы жиыналыс ашуы. Бұл туралы «Қылшбай шежіресінд» : «. . . Құнанбай аға сұлтан болып тұрған кезінде, Найман дөртуіл руының күзеулігі «Ақжон» деген жерінде (бұл қазіргі Мәрқакол ауданындағы «Ақжайлау» деген жері болуы Бек мүмкін) Керей, Найман, Арғын жәнер Төрелерді шақырып сиез ашқаны жазылады. Құнанбай аға сұлтандыққа 1849-жылы көтерілді десек, бұл шараны да 1860-жылдардың көлеміне сиғызуға әбден болады. Осындай дүбірлі бас қосуда Абай туралы сөз болмауы мүмкін емес. Бұл Абайдың ақындық өнерге дендеп кірісе бастаған шағы.
3. 1900-жылдардың басында-ақ, Абайдың атақ даңқы, ақындығы, шешендігі, қарақылды қақ жарған кесімдері, ішнара өлеңдері барған-лелген жолаушылар арқылы ауызша там-тұмдап жетті.
4. Абай заманында Өр Алтайдән қажыға барушылар Семейді басып өткенде,Құнанбайдың өзінен асып туған, Абай деген ұлы бар екенін айта келетін болған. қарт ағартушы Мидхат Разданұлы маған берген сұхбатында (2011-жыл): « . . . Мәми бейсінің ағасы Ешен Қажы (Мәсәлима) қажыға барып кележәтқан жолында Омбыда қайтыс болады. Ешен қажны жерлеп, белгі қойып қайту үшін, 1905-жылы Мәмидің ұлы Қанапия Омбыға бара жатып, Абай ауылына түсіп құран оқып аттанған. Омбыда, Семейде Абай туралы көптеген әңгімелер естіген. Бірақ, өлеңдерін әкелмеген көрінеді. . » деген еді.
5. Абайды Алтайға жеткізген «Абақия» мектебі еді. Мидхат мұғалым бір кеңесінде «. . . 1909-жылы Мәмй бейсі «Абақия» мектебіне жаңаша сабақ беретін мұғалым әкелу үшін, Нұрғабдолла деген азаматты Семейге жібереді. ол Абай ауылына келіп, онда мұғалып болып жүрген Сейтқазы деген мұғалымды Алтайға алып келеді. бұл тұста Абай жоқ болса да, Шәкарім бәр еді. Абай туралы кеңірек әңгіме өрбіткен көрінеді. . . » дейді. Демек, Сейтқазы мұғалым Абай тағылымын, өлеңдерін қолымен де, көкірегімен де ала келгені шүбәісз еді.
6. Шәкарім ұлы еңбектерінің бірі «Шежірені» жазған кезде Алтай еліне хат жазып, Абақ керей шежіресін сұратқан. Мәмиге арнап өлең де жазған. «. . . Бұл өлеңді 1947-жылы Ыбырайымбай деген аскери адам Мәңкейдң үйіне келіп отырғанда жатқа айтып берген. онда Абай туралы айтылады екен. амал қанша, осының бәрі сақталмай жоғалған » деп өкініш білдірген еді Мидхат Раздан ұлы.
7. 1925-1929-жылдары Қанабпия бейсі мен Мәңкей жазысқан хаттарында «Абай айтқандайын» деп Абайдың ғиыратты сөздерін келтіреді. . . Дейді. . . Асқар татанай ұлы (Асқардыңұлы Көбен ауызынан) . Бұған қарағанда сол жылдары-ақ, Абай тағылымы тамыр тарта бастаған деуге болады.
8. 1930-жылдардың басында сол кездегі саяси жағдайға байланысты, Абай ауылынан Әзімбайұлы Бердеш, шәкарім ұлы Зият қатарлы азаматтар Алтайға өтіп, Қыран өзені бойындағы Мәби Бейсі ауылына барады. олар Абай, шәкарім шығармаларын ала келеді.
9. Абайды жеткізген Абай Қасымов. (1896-1939) кеңес одағының адамы. Моңғұля Қобда аймағында, Қытайдың Құмыл, Баркөл аймағында қызметте болған. Ғазез Ақытұлы маған берген сұхбатында: (2004-жыл) «. . Абай Қобда бетінде тұрған кезінде, 1932-жылдары осы біздің Көктоғайдың Қайырты деген жерінде әкемізге кезіккен. онда, Абайдың 1922-жылы Ташкенітте шыққан өлеңдер жинағын тарту етіпті. . . » деген еді. Асқар Алтайдың алабына Абай өнері міне, осылай жетті. Тамырын тереңге жәйып, мәуелеп көктеді.
Абайдың алып екі шәкірті :
1. Ақын, ағартушы, ғұлама Ақыт Үлімжіұлы
«Ақындар бізден бұрын өткен талай,
Әсіресе, Құнанбай баласы Абай.
Дәл сондай өткір сөзді болмасам да,
Ойымды жеткізейін құрай-жамай. » _ деп Абайдың өткір сөзді ойлы ақын екеніне таңдана тәнтті болған Ақыт тағы: ‹‹Ғақлиялық үндеулерінде››: «Ей, мөмін қарындастар, Қазақтың Керей елінен шыққан мен әлсіз, бақыр пенде, қазы Ақыт Үлімжіұлы-өміндердің көңіл көзін ашуды, оларды опық жеуден сақтандыруды, кейінгі ұрпаққа естелік қалдыруды ниет етіп, мархұм Абай Құнанбай Қажы кітабынан өрнек алдым. шіркін, Абай, адамның жуырда есіне түспейтін сөздерді тауып, соны өрнектеген. Абай өлеңдерін ұзындысын басына алып, күрделі лафыздарын істеттім. Мақсатым_ ел-жұртқа тағылым болса. . . » дейді. . енді бірде Ақыт:
«Абай өлеңін ат ұсты бір оқып кеткен адам оңай-оспақ түсіне қоймайды. Бұл Абай өлеңнің ойлылығы һам мазмұнының тереңдігі. Абай ойшыл ақын. Абай өлеңі оқырманды сынайды әрі тәрбиелейді» деп тұжырымдайды.
Ақыт шығармаларының 1-томында ақынның Абайша ой толғап, ой жарыстра жазған 55 өлеңі бар. мұнан ақынның абай поэзиясын керемет бағалап, ұстаз тұтқанын әрі абаймен таланыт қарымын да сынағанын байқау қиын емес. Абайдың үлкен идейәсімен үндестік, шікі бітімдік тауып, философиялық көз қараста _ имани философияны Қытай қазақтарында бас болып қалыптастырғаны шығармаларынан байқалады.
«Басынан өткен,
Көздері жеткен.
Шек қылман ескі шалдарға.
Абай мен Ақыт
Біткен соң уақыт,
Келетін қайта хал барма? "
Деп дүниенің, тіршіліктің нағыз мәнін тереңнен толғайды. .
2. Ақын, жазушы, драмматорг Мағаз Разданұлы
Ақын, жазушы, дырамматорг Мағаз Разданұлы (1924-1998) Ақыттан кейін, Абайдан ең сауатты түрде тәлім алған талант иесі. ол Абайдай ойшыл болды.
Разданның үш ұлы: Мағаз, Мәсғұт, Мидхат. Үшеуі де Қытайдағы қандастар арасында көрнекті тұлға. мен Алтай орта мектебінде оқыған кезімде осы Мидхат Разданұлның үйінде көбірек болдым. Сәлихалы кеңестерін тыңдадым. соның бірінде:
«. . . Әкем қайдан алғанын білмеймін. біздің үйде «Абай Құнанбаевтің өлеңдер жинағы» деген кітаптың көшірме нұсқасы болды. (Мағаз мұраларының қатарында әлі сақтаулы тұр) бұл кітап 1909-жылы Кәкітай Ысқақұлы Сант-петербург қаласында бастырған нұсқасынан көшіріліпті. Кітапқа қатты қызығып қалған ағам Мағаз оны 1938-жылдың жазында Буыршынның Үштас жайлауында бір ай уақыт жұмсап көшіріп шыққан. . . » деп әңгімені арыдан толғағаны әлі есімде. Бұдан Мағаздың Абайдан құныға сусындағанын аңғару қиын емес. Ал, Мағаздың өзі:
«. . . Абайды мен жасымнан өстім тыңдап,
Деген ол екі нәрсе сыр мен сымбат.
Сыр – іші, сымбат – сырты, сол себепті,
Жақсының өзі – тұлға, сөзі – Қымбат! . . . » деп Абайды өте жоғары бағалап, Абайша өлең шумақтарын өреді.
« қартая білмес табиғат,
Қартайта берер пендесін.
Әуелде осы шариғат,
Жылайсың пенде сен несін?
Табиғат бізге сетерлеп,
Қызығын түгел сыйлаған.
Өзімнен асып кетер деп,
Тозбауды ғана қимаған! »
Абай « өлсе өлер табиғат, адам өлмес » десе, Мағаз ақын « қартая білмес табиғат, қартайта берер пендесін » деп өз қырымен жырлады.
Дегенмен,Қытайдағы қандастар арасына Абайдан, Шәкарімнән, тағы басқа ақындардан нәр алу жалпылық болған жоқ. оған себеп, Қытайдағы саяси науқандар және Қазақстан кітаптарын шектеулер. ортасын шегара бөлген бір қазақтың екі түрлі әріп-таңба қолдануы да әсер етті. сонымен, қытайдағы қазақ әдебиеті өз алдында дербес елдік негізінде көгеріп, көктеді.
Қуаныш Ілиясұлы
2025-жыл Астана қаласы